Оқу жылының ашылу салтанатында бүлдіршіндермен билеген мектеп директоры көпшіліктің ықыласына бөленді
Сурет: Instagram/bolat_munbayev
2 қыркүйекте Алматы қаласының №209 мектеп директорының билеген бейнесі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болат Мұңбаев жаңа оқу жылындағы көңілді биімен әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін бірден жаулап алды. Бірінші сынып оқушыларын сөзбен емес, іспен жігерлендіруге бел буған директор олармен биледі. Бейнежазбаға түсіріп жатқанын байқаса да, мүлдем ұялмай, көңілді биін оқушылармен жалғастырды.
Мектептің Instagram парақшасына көз жүгіртсек, сол күні іс-шараға қонақ ретінде атақты әнші Айжан Нұрмағанбетова келген.
Сурет: Instagram/bolat_munbayev
Сонымен қатар, Болат Мұңбаевтың 37 жаста екені белгілі болды. Мамандығы бойынша ол тарих пәнінің мұғалімі, ал педагогикалық өтілі 16 жыл.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында елордада 15 жаңа мектеп ашылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript