Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада оқушы баспалдақтан құлады: Мектеп директоры жұмысынан босатылды

№14 мектеп-гимназиясы, Астана, жазатайым оқиға, баспалдақтан құлау, оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 19:36 Сурет: gov.kz
Астанада оқушы баланың баспалдақтан құлау оқиғасынан кейін мектеп директорының қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астананың № 14 мектеп-гимназиясында екінші қабатқа көтеріліп бара жатқан оқушы баспалдақтан құлады. Оқу орнындағы баспалдақтың ұстайтын таянышы болған. Бала өзін өзге сыныптасы итеріп жібергенін айтады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу шақырылды", делінген хабарламада.

Зардап шеккен оқушы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау кезінде баланы барлық маман тексерді, қазір ол нейрохирургияның бейінді бөлімшесінде ем алуда.

"Оқушының жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, жақсару динамасы бар деп бағаланады. Емдеу шаралары бас сүйек-ми жарақатының хаттамасы бойынша жүргізілуде, қазіргі уақытта бала отаны қажет етпейді", деп атап өтті ведомстводан.

Сонымен қатар, баланың комада болмағаны, есін білетіні, жағдайы тұрақты екені нақтыланады. 

Сондай-ақ, 19 қыркүйекте Сарыарқа аудандық полиция басқармасында аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы, яғни "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылады.

Бұған дейін Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға болғаны, оқушылардың бірі баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғаны, оның көзінен айырылуы мүмкін екендігі хабарланған. Баланың комаға түскені туралы да ақпарат болды. 25 қыркүйекте Астана қалалық білім басқармасы  таңертең сыныптасы итеріп жіберген баланың баспалдақтан құлағанын растады. Алайда құзырлы ведомство қалалық балалар ауруханасына жатқызылған баланың комада болмағанын жеткізді. Аталған оқиғаға байланысты мектеп басшылығы жауапқа тартылуы мүмкін екені де айтылды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: