Астанада баспалдақтан құлаған оқушы: Зардап шеккен бала ауруханадан шығарылды

Аурухана, Астана, баспалдақтан құлаған оқушы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 19:58 Сурет: pixabay
Астанадағы № 14 мектеп-гимназиясында баспалдақтан құлап, жарақат алған оқушы ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 14 мектеп-гимназияда баспалдақтан құлап, жарақат алған бала емдеу мекемесінен шығарылып, үйіне жіберілді.

"Ол жазылып, үйіне шықты. Біздің білуімізде, баланың жағдайы жақсы", - деп хабарлады басқармадан.

Балаға қосымша медициналық бақылау қажет пе, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Баланың алған жарақаттарына байланысты көру қабілетінің төмендеуі мүмкін бе, жоқ па, бұған қатысты да ешқандай ақпарат жоқ.

25 қыркүйекте Астананың №14 мектеп-гимназиясында жазатайым оқиға орын алды. Бала баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алды. 26 қыркүйекте Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зардап шеккен баланың жағдайы туралы айтты. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды, мектеп директоры жұмыстан шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: