Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл елордада 15 жаңа мектеп ашылды

Жеңіс Қасымбек, Астана, жаңа мектеп, Жайлы мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 13:15 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Астанада 1 қыркүйекте 28 мың бүлдіршін 1-сыныпқа барды. Биыл елордада 15 жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін алғашқы қоңырау мектеп табалдырығын енді аттаған 28 мың оқушыға арнап соғылды! Мектеп оқушыларының алдында маңызды міндет тұр – баға үшін емес, білім үшін оқу! Тынымсыз еңбекпен ғана үлкен табысқа жетуге болады. Алда сіздерді өмірдің жаңа әрі жауапты кезеңі күтіп тұр! Бүгін Сарыарқа ауданында жаңадан ашылған №106 жайлы мектепке бардым. Ол екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қалада 1 қыркүйек күні 15 жаңа мектеп ашылды. Олардың тоғызы Мемлекет басшысының "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында, тағы екеуі – мемлекеттік және төртеуі – жекеменшік мектеп. Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді", деп жазды Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, жаңа мектептер үш ауысымды бес мектептің және тығыздалығы жоғары төрт мектептің қиындықтарын шешуге мүмкіндік береді.

"Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы сегіз мектеп ашамыз. Оның алтауы "Жайлы мектеп" жобасы бойынша. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан. Білім күні құтты болсын! Өзіңізге және өз күшіңізге сенім артыңыз. Жол көрсетіп, бағыт-бағдар беретін ұстаздарыңыз үнемі жандарыңызда болады". Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек

Тоғыз жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан:

  • Көктал елдімекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы;
  • А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы ("Highvill" ТК);
  • Тельман елдімекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан);
  • С -189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі);
  • Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы);
  • Орынбор және №37 көшелері ("SOHO" ТК ауданы);
  • Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы);
  • Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы ("Поколение" ТК); Төле би - 24 көшелері (Барыс Арена).

Айта кетсек, 1 қыркүйекте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Астанадағы №101 орта мектептегі алғашқы қоңырау шарасына қатысты. Білім ошағы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында биыл бой көтеріп, қолданысқа енгізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: