Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қаласының әкімі мектеп ас мәзірінің құны туралы: 700 теңге болады, сөз берем

Мектеп мәзірі, Астана әкімі, мектеп асханасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 17:59 Сурет: Zakon.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 2023 жылғы 20 қарашада кәсіпкерлермен кездесуінде мектеп ас мәзірінің құнын көтеруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Әкіммен кездесуде кәсіпкерлер бір балаға есептелген мектеп тамағының құнын көтеру мәселесін көтерді. Кәсіпкерлердің айтуынша, бүгінде бір балаға азық-түлік құны ҚҚС қоса есептегенде 580 теңге болып отыр. Бұл сома азық-түлік өнімдері жиынтығының құнын әрең жабады, алайда жеткізушілердің эксплуатациялық шығындары, жалақысы мен басқа шығындар ескерілмеген.

Елорда әкімі қазір бір балаға мектептегі тамақтандыру көлемін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Сіздер де бізді түсінуіңіз керек, соған тырысамыз. Мен сіздерге сөз беремін, қазір бір балаға шамамен 700 теңге болады, ал алдағыны бір жыл ішіндегі есептеулер көрсетеді", – деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде мектептегі жаңа ас мәзіріне есептеулер жүргізіліп жатыр. Бірақ әкім бюджеттің шексіз емес екенін ескертті.

"Қаланың бюджеті біреу ғана екенін түсініп отырсыздар. Бұл – өте маңызды мәселе. Бәлкім, ең маңыздыларының бірі. Бірақ балабақша салу да маңызды, мектеп салу да маңызды мәселе, жылу мен су да міндетті түрде берілуі керек, бірақ бюджет біреу. Сондықтан бір шетін жапсақ, екнші жеті ашылып қалады", – деді қала әкімі.

Өз кезегінде Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев жаңа ас мәзірі әзірленіп жатқанын, оның алдын ала құны 697 теңге екенін айтты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: