Қазақтар Мурманскідегі вахтада неғып жүр?

25 Наурыз 2021, 16:49
Сурет: видеодан кадр

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Мурманскідегі төбелеске қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында жаппай төбелес болды. Олардың арасында қазақтар да бар. Оқиғаға қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсінік беріп, еліміздің Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстап отырғанын жеткізді.

Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ, делінеді түсініктемеде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?