Атырауда жұмыспен қамту басқармасының бастығы парамен ұсталды

26 Наурыз 2021, 09:23
Сурет: Ақ Жайық

Атырау облысында жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

azh.kz басылымы жазғандай, шенеунік жұмыс берушілерден жұмысқа қабылданған әрбір шетелдіктің "басы" үшін 500 мың теңгеден пара алған деп күдіктелуде.

Басылымның хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері 25 наурызда таңертең жұмыс орнында пара алды деген күдікпен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Серік Қамидолланы ұстады.

Серік Қамидолла бұл қызметке 2019 жылдың ақпанында тағайындалған.

2008 жылдан бастап Жылыой аудандық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде сектор меңгерушісі болды. 2010 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы. 2011 жылы – облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ардагерлерімен және мүгедектерімен жұмыс бөлімінің бастығы. 2012 жылы – Жылой ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы болған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?