Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының басшысы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы Әсет Шағадатты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырардың хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысы ұсталғанын растады. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр.
"ҚМУ "Еңбек мобильділігі орталығының" басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Ол қазір қамауда.
Бұған дейін "Алматы тазалық" мекемесінің басшысы пара алды деген күдікке ілінгені белгілі болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript