Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Сурет: Антикор, Instagram/shagdat.asset, Zakon.kz коллажы
Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ басшысы Әсет Шағадатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол "Бастау Бизнес 2023" ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript