БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді
Ведомствоның мәліметінше, инспекцияның үш қызметкері Т. есімді азаматтан Ресейден келетін шамадан тыс жүктемемен астық жүктелген ауыр жүк көліктерін Самара – Шымкент автожолы арқылы көліктік бақылаудың жылжымалы бекетінен кедергісіз өтуі үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
Сонымен қатар Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процесстік іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi осы Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.