Жаңалықтар тізбегі
0

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

Көліктік бақылау инспекциясы, Алматы облысы, сыбайлас жемқорлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 10:29 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облысы көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бөлім басшысы мен оның қол астындағы екі қызметшісі 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 

Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: