Алматы базарында автотұрақ жігіттері 100 теңгесіз келген жүргізушіге тап берді  

30 Наурыз 2021, 16:47
Сурет: видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Алматының "Алтын Орда" базарында жүргізуші мен көлік тұрағы үшін ақша алатын жігіттер арасында болған қырқыстың видеосы тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 30 наурызда таңғы сағат 09:10-да болған екен. Тұраққа кіргізетін жігіт 100 теңге сұраған. Қалтасында бүтін 20 мың теңгесі ғана болған жүргізушінің "100 теңгеңді каспиіңе лақтырайын" деген ұсынысына анау көнбей, оның арты төбелеске ұласты.

Ақыры көлігіне мініп қашпақ болған жүргізушінің көлігін базардағы жігіттер қоршап, көлікті зақымдаған.

Жүргізушінің сөзінше, төбелестің басталуына тұрақтағы жігіттің қолына бәкі алғаны себеп болып, бұл оны баспен ұрып құлатқан. Таяқ жеп қалған тұрақ жұмысшысын қолдауға базардағы 40-қа жуық жігіт тұра шыққан.

Ал Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты Қарасай аудандық полиция басқармасына ешқандай арыз түспегенін жеткізді.

– Бұл дерек әлеуметтік желілерге мониторинг барысында анықталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы (Бұзақылық) 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық фактілері, себептері мен мән-жайы, оған қатысушылардың барлығы анықталуда, – деді Полиция департаменті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?