Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында полиция қызметкерлеріне картадан ұтылған жас жігіт асылып қалған

i.ytimg.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2021 21:49 i.ytimg.com
Ақсу аудандық полиция бөлімшесінің басшысы қызметінен босатылады.

Алматы облысында бір жігіт өз-өзіне қол салғаннан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД-ның хабарлауынша, бұған дейін олар өз еріктерімен жұмыстан кетуге өтініш білдірген.

2020 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы,1 бөлімі , яғни "Суицидке жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу сатысында, қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іспен бір уақытта өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекеті полиция беделіне нұқсан келтіру деп танылды. Бұған дейін өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз берген төрт полиция қызметкері қазір теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан босатылды, дейді полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ, Ақсу аудандық полиция бөлімшесінің басшысы қызметінен босатылады.

You-Tube "TALDYKORGANETS" арнасында осы трагедия туралы егжей-тегжейлі видео жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, желтоқсан айының соңында Жансүгіров ауылының 22 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерімен карта ойнаған. Ақшасынан ұтылған жас жігіт асылып қалған.

Шамамен бір тәуліктен кейін полиция қызметкерлеріне шара қолдану туралы өтініш білдірген ауылдастары (70-80 адам) облыстық әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Жастардың заңсыз әрекеттері орын алған жағдайдан сақтану үшін қазір оқиға орнына қауіпсіздік күштері тартылуда. Қазір тергеу жүріп жатыр, суицидке апару бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір қызығы, карта ойынына қатысқан бұл тәртіп сақшылары өз еріктерімен жұмыстан кетеді, олардың бірі өз еркімен зейнетке шығады, бұйрыққа ұқсайтын құжат көшірмесінің фотосуреті де бар. Енді сол түні әкімдік алдына жиналған марқұмның достары мен туыстарына осы шу басылған соң бірін заңсыз митинг ұйымдастырғаны үшін, тағы бірін жаңсақ ақпарат таратқаны үшін жазаға тартып, өшімізді аламыз деген сипатта алып-қашпа әңгілемелер жетіп жатыр, - делінген хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: