Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында асылып қалған малшы полиция инспекторынан қысым көргенін айтады

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2019 19:16 Хабар 24
Полиция қызметкеріне қатысты тексеріс басталды.

Жамбыл облысында ер адам арқанға асылып қалған. Ол ауруханаға жеткізіліп, екі күннен кейін есін жиды. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Суицид жасамақ болған ер бұл әрекетке аудандық полиция бөлімінің инспекторы жеткізді деп отыр. Айтуынша, ол инспектордан қысым көрген. Ал тәртіп сақшысы бұл ер адамның жасаған қылмысынан жалтару үшін арнайы құрған жоспары екенін айтады.

Өзіне-өзі қол салған Нұрбол Тұтқабаев әу баста өлгеніне сенімді болыпты. Алайда көзін ашқанда аудандық ауруханада жатқан.

"Мен білмеймін. Көзімді ашсам ауруханада жансақтау бөлімінен шығарып, палатаға әкеле жатыр екен. "Маған не болды?"– деп сұрадым. Олар асылып қалғанымды айтты", – дейді Нұрбол Тұтқабаев.

Осылайша о дүниенің табалдырығынан қайттым деген Нұрбол амалсыз өлгім келді дейді. Айтуынша, Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейтін туыс ағасының малын баққан. Осыдан екі ай бұрын өрісте 3 тайды жоғалтыпты. Кейін екеуі көрші ауылдан табылған. Сөйтсе өзі сатып жібергенін мойындапты. Ал мал иесі саттым емес, қорқытып тартып алды деп арыз жазуға мәжбүрлегенін айтады.

"Осындай уақытта маған келіп, тапанша тақап, малды қорқытып алып кетті деп жаз деді", – дейді Тұтқабаев.

Осылайша жала жабуға арым жібермеді деген Нұрбол суицид жасауға бел шешкен. Ал полиция капитанының сөзінше, бұл арнайы құрылған тұзақ. Себебі Нұрбол мен ұрланған мал шыққан азамат аймаққа аты шыққан әккі барымташылар екенін айтады.

"Мен оны мәжбүрлейтін болсам, сол кезде, Жаңа жылдың алдында асылып қалар еді. Одан бері қаншама уақыт өтіп кетті", – дейді аудандық полиция бөлімінің инспекторы Ерлік Бейсенов.

Ерліктың айтуынша, Нұрбол оқиғаны басқаша өрбіту үшін осындай әрекетке барған. Себебі Нұрбол бұған дейін де мал ұрлап, асылып қалмақ болған, дейді.

Капитан аймақтағы әккі ұрыларға полициядағы жоғары лауазымды бір тұлға қамқорлық көрсетеді деп күдіктенеді.

"Мен жоғалған жылқымды тауып алғанда, ішкі істер бөлімінің басшысы қоңырау шалды. Мен ол кезде ешкімге хабар берген жоқпын. Ол кісіге кім хабарлады, сол маған жұмбақ. Жылқымды тапқанымды қайдан біледі?"– дейді полиция бөлімінің инспекторы.

Осылайша басшысы хабарласып, істі жария қылмауға көндірген кейіп танытқан. Ал полиция департаменті Ерлік Бейсеновке қатысты қызметтік тексерісті бастап кетіпті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: