"Байлап тастаған". Риддер тұрғыны анасы жатқан аурухананы концлагерге теңеді

31 Наурыз 2021, 16:44
Сурет: иллюстрация үшін алынды

Риддер тұрғыны әлеуметтік желіде қалалық аурухана қызметкерлерінің үстінен шағымданып, медициналық мекемені концлагерге теңеді, деп хабарлайды zakon.kz Altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Инстаграмдағы @riddervsegda парақшасында жазба жарияланды.

Бүгін анамды ауруханадан алып кетуге барып, жағамызды ұстадық! 22 наурызда түнгі уақытта бокста анам кереуеттен құлап, суық еденде түні бойы жатып қалған. Мұны 2 жұмысшы көрген, бірақ мән берместен шай ішіп отырған. Таңертең анамды бір ер адам орнынан тұрғызыпты. Сол кезде екі медбике келіп, оның қолы мен аяғын байлап тастапты. Салдарынан аяқ-қолында, маңдайында гематомалар пайда болды. Оның үстіне науқас адамға тамақ бермеген, мүлде қарамаған. Анам – тыл еңбеккері. Мынау аурухана емес, концлагерь деп отыр. Қайда шағымдансам болады? - делінген жазбада.

Риддер қалалық ауруханасы бұл жағдайға қатысты жақын арада жауап беруге уәде етті.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?