Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатор елімізде қараусыз жатқан атом кен орындары мәселесін көтерді

pikabu.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2021 18:15 pikabu.ru
Министр сенаторға толығырақ жауапты жазбаша беруге уәде етті

Сенат депутаты Сергей Ершов қараусыз қалған уран кен орындары мәселесін қозғады. Оның айтуынша, оларды ешкім қарамайды, ал бұл жақын маңдағы тұрғындар үшін өте қауіпті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Степногорскіде және басқа қалаларда өзім болып, көзімен көрдім. Ондағы кен орны мен техника "бұрқырап" қараусыз жатыр. Ешқандай күзет жоқ, ол арада адамдар, балалар жүр. Бұл өте қауіпті. Біз сіздің орынбасарларыңызға сұрақтар жолдадық, бірақ ешкім нақты ештеңе айтқан жоқ. Сіз бұл мәселені қалай шешпексіз? - деп сұрады сенатор атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасын қарау кезінде министрлік басшысына.

Сұраққа жауап бере отырып, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қарастырылып жатқан заңда радиациялық және ядролық қауіпсіздік туралы нормалар бар екенін атап өтті. Жұмыс заң шеңберінде жүзеге асырылады.

Министр сенаторға толығырақ жауапты жазбаша беруге уәде етті.

Ұсынылған заң жобасы қабылданып, Президентке қол қоюға жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: