Тоқаев Түркітілдес елдер саммитінде үндеу жасады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2021 23:56 Ақорда
Тоқаев түркі тілдес елдердің мақсаты түркі әлемін ХХІ ғасырдағы ең маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық кеңістіктердің біріне айналдыру екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті 1992 жылы Анкарадағы алғашқы кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев түркі елдерінің басшылары бұдан кейін қасиетті Түркістанда бас қосады деп айтқанын еске алды. Түркістан - бүкіл түркі халықтары үшін қасиетті орын.

Біз бұл кездесуді барлығымыз үшін қасиетті жерде - Түркістанда ұйымдастыруды жоспарладық. Алайда, пандемия сынды қиын жағдайға байланысты саммитті онлайн форматта өткізу туралы шешім қабылданды. Пандемия аяқталғаннан кейін бәріміз бұрынғыдай кездесетінімізге сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Наурыз мерекесімен тағы да құттықтаймын. Мен барлық бауырлас елдерге бақ-қуат тілеймін. Өз кезегімде, іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде Түркі кеңесінің бейресми саммитін ашық деп жариялаймын, - деді Тоқаев.

Қазақстан Республикасы Президентінің айтуынша, "біздің ата-бабаларымыз ұлы ұстаз Қожа Ахмет Ясауиден діни білім алып, түркі ислам мәдениетін бүкіл әлемге таратқан. Түркі халқы Кіші Азияға бет бұрған кезде осы құндылықтардың барлығы тамырымызды сақтау мен күш-жігерімізді күшейтудің негізіне айналды.

Тоқаев түркітілдес елдердің мақсаты түркі әлемін ХХІ ғасырдағы ең маңызды экономикалық, мәдени және гуманитарлық кеңістіктердің біріне айналдыру екенін атап өтті.

Мен Түркі өркениетін жаңғыртуды, ең алдымен, Ясауи мұрасы мен қасиетті Түркістанды бүкіл әлемге таныстырудан бастауға шақырамын. Сондықтан бүгінгі саммит "Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы" деп аталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Түркістан қаласы түбегейлі өзгеріп, жаңа келбетке ие болды, - деді Тоқаев.

2021 жылдың Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті онлайн режимінде өтіп жатыр. Саммитте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен мемлекет басшылары да сөз сөйлейді.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: