Тоқаев: Қазақстан әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толықтай қамтамасыз етілген

Twitter, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2020 20:49 Twitter
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін де атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы көлік-логистикалық орталығында болып, Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Continental Logistics" көлік-логистикалық орталығына барып, елорда мен өңірлерге азық-түлік жеткізу жұмыстарымен таныстым. Еліміз әлеуметтік маңызы бар тауарлармен толық қамтамасыз етілген. Жалпы сомасы 14,8 млрд теңге болатын мемлекеттік қор қалыптасуда. Үкімет және әкімдіктер тұрақтандыру қорларын толықтырып, азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуі керек. ТЖ кезінде азық-түліктің жеткізілуіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың "шекті бағасы" сақталуға тиіс", деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерімен өзара ниеттестік белгісі ретінде Қазақстан мұқтаж елдердің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін де атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: