Нұр-Сұлтандағы қысқа көшеге Қазақ радиосының аты берілді

1 Сәуір 2021, 11:40
Сурет: "Қазақстан" РТРК" АҚ

2021 жылы 26 қаңтарда өткен Нұр-Сұлтан қаласы ономастикалық комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдауында елорданың кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы ұсыныстар қаралып, қолдау тапқан болатын, деп хабарлайды zakon.kz "Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейін бұл ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның оң шешімін алып, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты депутаттарының қарауына қайта жолданды. 31 наурыз Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының кезекті 3-ші сессиясында мәслихат пен қалалық әкімдіктің бірлескен шешімі қабылданып, Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан көшеге Қазақ радиосының атауы берілді. Көшенің ұзындығы - 560 метр.

Сонымен қоса бірлескен шешімге сай, Алматы ауданы бойынша жобалық атауы №231 көшеге Қазақ радиосының дикторы Әнуарбек Байжанбаевтың есімі берілді.

Елорда төрінен көше беру ұлттың үнжариясының 100 жылдығы қарсаңында жүзеге асырылып отырған жоспарлы шаралардың бірі. Бұл - радио тарихындағы жаңа парақ. Жыл соңына дейін Бас редакция 70 жыл ақпарат таратқан Алматы қаласынан да Қазақ радиосы көшесі ашылмақ, тәртіпке сай тиісті жұмыстар басталды, - дейді "Қазақ радиолары" ЖШС Бас редакторы - "Қазақ радиосы" радиоарнасының директоры Дулат Абибуллаев.

Бұған дейін, 2021 жылғы 18 наурызда Қызылорда қаласындағы бұрынғы "Саяхат 11" көшесіне, Шымкент қаласы "Бозарық" шағын ауданындағы көшелердің біріне "Қазақ радиосы" атауы берілген болатын.

Қазақ радиосы 1921 жылдың қазан айында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Орынбор қаласынан ақпарат тарата бастады. Радионың 100 жылдығын атап өту бойынша іс-шаралар жоспары бекіп, биыл жыл бойы рухани-мәдени жобалар жүзеге асады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?