2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

2 Сәуір 2021, 16:42
Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі

2021 жылғы 2 сәуірде Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы 13 жылда аутист балалар саны 37-ден (100 мың адамға шаққанда 0,8) 2008-2020 жылы 756-ға дейін (100 мың адамға шаққанда 12,7) артты, деп хабарлады ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай.

Аутизм балада 3 жасқа дейін байқалады. Дамуда ауытқушылық болады, салдарынан бала әлеуметтік ортамен қарым-қатынас орната алмайды.

2 сәуірде жыл сайын Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні (World Autism Awareness Day) атап өтіледі. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен белгіленді, онда аутизммен ауыратын балалардың саны көбейгені айтылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 160 баланың бірі немесе балалардың 0,6% аутистік спектр бұзылған (бұл Солтүстік Америка және Еуропа өңірлері елдері бойынша орташа мәнді білдіреді). Республикада соңғы 13 жылда АСБ балалар 37-ден (100 мың адамға шаққанда 0,8) 2008-2020 жылдары 756-ға дейін (100 мың адамға шаққанда 12,7) өскен. Өйткені қазір балалар ерте скринингтен өтеді, яғни ерте диагноз қойылады және мамандар арнайы оқытылуда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қолжетімді, - деді Николай Негай.

Үкімет ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің бастамасымен Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасында диагностика, оңалту/рабилитациялық іс-шараларды жақсарту жөнінде елеулі шаралар қабылдауда.

Денсаулық сақтау министрлігі мынадай негізгі ұйымдастырушылық жұмыс атқарды:

- қалалық амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 74 алғашқы психикалық денсаулық орталық ұйымдастырылды;

- ауылды жерлерде 219 психикалық денсаулық кабинеті ашылды;

- Денсаулық сақтау ұйымдарында балалар психиатрының саны 2017 жылдан бастап 67% артты, сондай-ақ 2021 жылы 150-ден астам балалар психиатры резидентураны тәмамдайды.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы екі жылда психиатрия бағыты бойынша бюджеттік грантты көбейтті, 2021 жылы 150-ден астам түлек оқу орнын бітіреді , олардың 20% астамы балалар психиатриясы саласында жұмыс істеуді жоспарлап отыр. 2019-2020 жылдар аралығында алғашқы медициналық-санитарлық желі мен психикалық денсаулық қызметінің 1592 маманы, ал 2021 жылдың 1-ші тоқсаны кезеңінде аутистік спектрдің аурулары бар балаларды ерте диагностикалау мәселелері бойынша, оның ішінде шетелдік оқытушылардың қатысуымен 112 маман оқытылғанын жеке атап өткім келеді, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары Олжас Ысқақов.

Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, ведомствоаралық өзара іс-қимыл бойынша түрлі салада (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт және т.б.) оқытылған және даярланған мамандар, ақпараттандыру жеткіліксіз, дамуында ерекшеліктер мен ауытқуы бар балалар мен ересектер арасындағы байланыс, оларды қарапайым халық арасында қабылдамау сынды проблемалар бар.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?