Қайрат Закирьяновқа 8 млн айыппұл салынбауы да мүмкін

2 Сәуір 2021, 17:42
Сурет: instagram.com

Жақында Туризм және спорт академиясының директоры Қайрат Закирьяновтың "кеңсесінде" Қызыл кітапқа енген барыстар мен тұлыптардың терілері түсірілген фотосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Сурет халықтың назарына ілігіп, негативті пікірлер қалыптастырды, дейді zakon.kz "Арамза биліктің" жазғанына сілтеме жасап.

Осыған орай, Қазақ спорт және туризм академиясы (KazAST) терілер мен тұлыптар мұражай экспонаттары екенін және де студенттер бұларды зерттей алатынын атап өтті.

Жел тұрса, шөп те қозғалады дегендей халық арасында сөз тараған соң өкілетті органдар да қызығушылық таныта бастады. Алмалы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Осы бап бойынша қылмыскер 3000 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуі (8 751 000 теңгеге дейін), немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе бас бостандығы шектеуіне тартылуы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?