Синоптиктер жауын-шашын қашан тоқтайтынын айтты
Pixabay
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күн жылынады.
Синоптиктер 6-8 сәуірге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, оған сәйкес республикамыздың солтүстігінде жауын-шашынды күндер жалғаса береді, ал оңтүстікте тыйылады, деп хабарлайды zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, бұл күндері еліміздің солтүстігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен күн жауын-шашынды болады. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі, батыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстікте қатты жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі.
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп болжанады.
Еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күн жылынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript