Ержан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды

5 Сәуір 2021, 14:23
Сурет: azh.kz

Ержан Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", делінген Ақорданың хабарламасында.

Ержан Қазыханов 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы:

- Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987). Мамандығы: Тарихшы-шығыстанушы.
- КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы
- Үндістан халықаралық қатынастар институты
- I-ші дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші дәрежесі бар (10.2005)

Еңбек өтілі:

- ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы - 1989-1992 жылдар

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары - 1992-1995 жылдары.

- Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі - 1995-2000 жылдары

- Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры - 2000 жылдан бастап.

- Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы - 2003-2007 жылдары.

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары - 2007-2008 жылдары

- 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

- Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі - 2009-2011 жылдары.

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары - 2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында.

- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі - 2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін.

- Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - 20142017 жылдары.

- 2017 жылы Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?