Қайрат Омаров елші болып тағайындалды

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2020 23:43 Википедия
Ол Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Президент Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін жаңадан тағайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды" делінген Ақорда сайтында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: