Алматыда бала үстіне құлаған қақпаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

6 Сәуір 2021, 11:49
Сурет: Pixabay

Алматы полициясы футбол алаңында баланың үстінен құлаған қақпаға қатысты фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша іс тіркелгенін хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеуді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының тергеушілері қолға алды.

Оқиғаның мән-жайы анықталады, - дейді полиция.

306-баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу немесе ұстау түрінде 40 тәулікке қамауға алуды көздейді. Одан бөлек үш жылға дейінгі мерзімге немесе белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынады.

Оқыс оқиға 4 сәуірде кешке, 8-ші ықшам аудандағы 79 үйдің ауласындағы балалар алаңында орын алған.

@Nataly_gumarova-ның ұлына футбол алаңының темір қақпасы құлап кетті, ол бекітілмеген әрі бетондалмаған да!!! Бала жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр !!! Оның көп жері сынып, жүрегі мен өкпесі қозғалып кеткен, басының да жабық жарақаты бар, - делінген жазбада.

Жазба авторы мердігерді жазалауды талап етеді.

Алматы қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы аталған аула аумағында 2020 жылы келісімшартқа сәйкес, "EC-EnergyQazaqstan" ЖШС мердігері күрделі жөндеу жүргізгендігін хабарлады.

Zakon.kz тілшісі КСK-ға хабарласты. Олар спорт алаңын күтіп-ұстау (жөндеу, бөлшектерін ауыстыру) мердігердің жауапкершілігінде екенін айтты. КСК өзі аумағын тазалап жатыр. Сонымен қатар, олар мердігердің өкілдері оқиға орнына 5 сәуірде келгенін айтты. Олар қақпаны жерге көміп, оны бекітіп тастапты.

Мен аула сыпырушыға балалар ойнап болған соң тазалап отыруды бұйырдым. Кез-келген қоқысты, бөтелкені дегендей. Біз мердігерлердің жұмысына жауап бермейміз және оларды қабылдау процесіне қатыспаймыз. Кеше мен ол арада ата-анаммен бірге болдым, қақпалар дәнекерленген, бірақ бекітілмеген. Мердігерлер кеше келіп, ақыры оны бекітіп кетті, - деді КСК өкілі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?