ГЭС-те бомба жарылады деп полицияны шошытқан ШҚО тұрғыны сотталды

back-in-ussr.com back-in-ussr.com
56 жастағы адам осылай әзілдей ме?

Рождество мерекесі қарсаңында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің "102" жедел арнасына жүгініп, оның танысы Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатылғанын хабарлаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдар объектіге шығып, ГЭС аумағын тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шықты. Мамандар жарылғыш зат таппады.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында екі ер адамның ішімдік ішкені анықталды, содан кейін олардың арасында ауызша жанжал болды. Ер адамдардың бірінде қылмыстық ниет пайда болды. Мас ер адам бұл әрекеттің барлық жауапкершілігін түсінбей, жалған ақпаратпен құқық қорғау органдарына жүгінді. 2021 жылғы 16 наурызда Глубокое аудандық соты 56 жастағы ер адамды ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі 31.03.2021 жылы заңды күшіне енді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз