ШҚО-да көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші жол апатын жасады
Ағымдағы жылдың 6 наурызында Жарма ауданының полиция бөлімінде Қалбатау ауылында орын алған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда 40 жастағы "Мазда" жүргізушісі 72 жастағы адам басқарған "Лада Гранта" көлігімен соғысқан.
Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам Жарма аудандық сотының шешімімен 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны және соған қарамастан автокөлікті басқарғаны анықталды.
Сонымен қатар, медициналық куәландыру нәтижелерінде құқық бұзушыда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі көрсетілген. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.