Өскеменде жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші жол апатына ұшырады
Өскемен қалалық ПД баспасөз қызметі
Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
12 қаңтарда Өскеменде "Mercedes"-ті тізгіндеген 44 жастағы ер адам "Mitsubishi" көлігін соққан. Тексеру кезінде, апатқа кінәлі "Mercedes"-тің жүргізушісі мас болғаны белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық ПД-ға сілтеме жасап.
Оның үстіне жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен 2018 жылы айырылғаны белгілі болды.
- Жол-көлік оқиғасына кінәлі 44 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқару құқығы болмай отыра, мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп атап өтті Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Даур Ибраев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 11 қаңтарында көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң күшіне енген болатын
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript