Алматыда "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы басталды

Pinterest Pinterest
Акцияға қатысу үшін биылғы жылдың 15 сәуірінен 31 қазанына дейін қарызды толығымен төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға бірқатар құжаттарды тапсыру қажет.

Алматыда "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда жылу және ыстық сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтер тұтынушылар үшін "Қарызды төлесең, үстемақың жойылады" акциясы бастады.

Айыппұлдан бөлек, бұл мүлікке қатысты шектеулер мен бұғаттауды, сондай-ақ банктік шоттарындағы бұғатты жоюға мүмкіндік береді, - деп хабарлайды ALTS.

Акцияға қатысу үшін биылғы жылдың 15 сәуірінен 31 қазанына дейін қарызды толығымен төлеп, "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға бірқатар құжаттарды тапсыру қажет: өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, негізгі қарызды төлегені туралы құжат (касса чегі), оның бәрін [email protected] электронды поштасына жіберуге немесе тұрғылықты аумаққа қарасты Халыққа қызмет көрсету орталықтарына хабарласуға болады.

Қарыз төленбеген жағдайда, ол адам жылумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылады, ал қарыздар сомасы сот арқылы өндіріледі, - дейді АЛТС.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз