"Айтайық жарапазан елімізге!" эстафетасы басталды

jasqazaq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2021 22:30 jasqazaq.kz
Жарапазан эстафетасына үн қосамын деуші жамағат карантин талаптарын сақтай отырып, игі бастаманы әлеуметтік желіде жалғастыра алады.

Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің барлық мекемелері мен тұрғындарына "Айтайық Жарапазан елімізге!" атты эстафета жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жарапазан эстафетасына үн қосамын деуші жамағат карантин талаптарын сақтай отырып, игі бастаманы жалғастыра алады. Жарапазан жырын қысқаша видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге #Рамазан2021 хештегімен белгілеп, жариялау керек.

Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын сүйіншілеу, игі дәстүрімізді жалпы жұртқа насихаттау мақсатында қолға алынып отырған Жарапазан эстафетасын жалғауға сіз де үлес қосыңыз. Ұлттық құндылығымыз – Жарапазанды бірге дәріптейік!

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: