Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтар мұражай, кітапхана және хайуанаттар бағына бара алады 

Алматы ӨКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2020 20:24 Алматы ӨКҚ
Алматының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматы қ. музейлер бірлестігі" КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д.А.Қонаев Мұражайы, Н.Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С.Мұқанов және Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі музыка мультимедиялық мұражай кешені) күнделікті 10:00 – ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында Азия және Еуропа музыкалық аспаптарының жаңа залдары ашылғанын хабарлаймыз.

Карантин кезінде Алматы хайуанаттар бағында керік, зебра, Пржевальский жылқысының құлыны, бұғы, ақбөкен, түйе, жапон тырнасы, эму түйеқұсы және тағы басқалар дүниеге келді! Әр түрлі құстар мен жануарлардың жүзден астам баласы бар! Барлық төлдеген жануарлар төлдерімен бірге экспозицияда.

Хайуанаттар бағы күнделікті сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмысын қайта бастады. Кассалар бұрынғы жұмыс кестесіне бір сағат бұрын ерте жабылады.

Қалалық кітапханалар да әдеттегідей 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істей бастады. Сондай-ақ, кітаптарды үйге 15 күн алуға болады. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі онлайн режимінде көптеген басқа іс-шараларды өткізеді. Атап айтқанда қазан айында балалар жазушысы С.Бегалиннің 125 жылдығына арналған онлайн режимінде Халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

Мәдени нысандарға кіретін кезде қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты және қорғаныс маскаларын тағып кіру қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: