Нұр-Сұлтан маңындағы аумақтарға әуеден бақылау жасалды

14 Сәуір 2021, 08:57
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр,​ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев​ елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Ұшу барысында 42-разъезд, Қажымұқан, Қоянды, Талапкер, Қараөткел, Жібек жолы, Қосшы, Тайтөбе, Қызылжар елді мекендерінің аумақтарына аэровизуалды барлау жүргізілді. Астана су қоймасы мен Нұра өзені арнасының бойындағы Преображенск су торабының жағдайы тексерілді.

Бақылау кезінде қардың еру процесі тұрақты жүріп жатқаны байқалды. Су шайған аймақтар жоқ. Тәулік бойы жерден және жер серігі арқылы қашықтан зондтау мониторингін жүргізу жалғасуда. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір өзен аумақтарында сең жүру үдерісі басталды.

Қауіптің алдын алу үшін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан​ облыстарының өзендері мен көлдерінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының су қоймаларында су жинауға қажетті орындар әзірленуде.




zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?