Нұр-Сұлтан маңындағы елді-мекендерді қызыл су басты
Ақмола облысының Қоянды ауылында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы бірнеше ауыл еріген қар суынан тазартылуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Целиноград ауданының маңындағы Қоянды ауылында Ақмола облысының және Нұр-Сұлтанның құтқарушылары үш тұрғын үйді алған еріген қар суын сорып алу бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Сондай-ақ, Целиноград ауданындағы Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қызылсуат және Жарлыкөл ауылдарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтағы су тасқыны жағдайы тікұшақпен әуеден бақыланады.
Айта кетсек, 7 сәуірге қараған түні Қоянды ауылында бірнеше үйді су басып қалғаны белгілі болды.