Қостанайда иесіз жануарларды қабылдайтын орын су астында қалып кетті
Сурет: видеодан алынды
7 сәуірге қараған түні Қостанайда иесіз жануарларға арналған орынды су басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жануарларды құтқару сәтінің видеосы Instagram-дағы Kostanay_news парақшасында жарияланды.
Қостанай облысының жедел штабы Zakon.kz сайтына қорғансыз жануарлар "Надежда плюс kst" қабылдау орнына эвакуацияланғанын нақтылады.
6 сәуірде брифинг барысында Қостанай әкімі Марат Жүндібаев қалада ТЖ режимінің енгізілгенін хабарлады. Қала әкімі су басу қаупі бар аймақтарда тұратын азаматтардан алдын ала қам жасап, көшуді сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript