Нұр-Сұлтан қаласындағы Талдыкөл маңындағы өрт екі тәулік бойы сөндірілді
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өртті сөндіру үшін Ми-8 тікұшағы тартылды, ол 27 рет су шашты (81 тонна). Өрттің жалпы аумағы 6,5 га болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының шетіндегі өрт екі тәулік бойы сөндірілді. Үлкен Талдыкөлде құрғақ қамыс өртенді.
ТЖМ мәліметі бойынша, Қорғалжың тас жолы бойындағы қамыс 20 маусым күні сағат 15:03-те жана бастаған.
Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна).
Қызыл жалын 21 маусым күні сағат 18-53-те ауыздықталып, 22 маусым күні сағат 05-55-те толығымен сөндірілді. Өртке себеп отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі). Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript