Ақсай шатқалындағы өрт: бағбандар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды

Ақсай шатқалындағы өрт: бағбандар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 17:04 Сурет: видео скрині
Ақсай шатқалында құрғақ шөп тұтанып, өрт шықты. Өртті сөндіруге 150 адам және "Қазәуеқұтқару" АҚ-тан су төгетін құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

От Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Көктөбе саяжайлары маңында тұтанған.

"Жақын маңдағы саяжай тұрғындары алдын ала үйлерін тастап шықты. Өрттің тұрғын үйлер мен көршілес аумақтарға тарау қаупі жойылды", - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 16:36-да оқшауланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: