Бішкектегі барлық өрт сөндіру көлігі ірі базардағы өртті сөндіруге жіберілді

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, пожарный кран, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2026 14:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бішкектегі барлық өрт сөндіру көлігі "Мәдина" базарында болған ірі өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өрт 400 шаршы метр аумақта оқшауланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бішкекте қаладағы барлық өрт сөндіру көлігі Қырғызстандағы ең ірі тоқыма базарларының бірі – "Мәдинадағы" өртті сөндіруге тартылды. Өрт 400 шаршы метр аумақта оқшауланды, деп жазады 24.kg.

Құтқарушылар өрттің қалған ошақтарын сөндіру үшін жабық контейнерлерді ашу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға орнындағы жұмыстарды Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Қанатбек Чыныбаев үйлестіріп отыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт толық сөндірілгеннен кейін арнайы комиссия нақты себебін анықтайды.

Өрт кезінде базар жұмыс істеп тұрған жоқ. "Мәдина" үш күнге жабылып, саудагерлер демалысқа жіберілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: