Өскемендегі май шығаратын зауытты шарпыған алапат өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызы тартылды

Өскемен, май зауыты, өрт, өрт сөндіру пойызы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 09:55 Сурет: видеодан скриншот
17 қазанға қараған түні Өскемендегі май зауытының цехтарының бірінде өрт шықты. Өртті сөндіруге өрт сөндіру пойызы жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Май сығымдау кешенінің кептіру камерасында күнбағыс дәні жанды, деп мәлімдеді ШҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

"Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің алдын ала болжамы – технологиялық процестің бұзылуы. Өрт сөндіру бөлімшелері шамамен 3 мың тонна дайын өнімді аман алып қалып, оттың жақын маңдағы өрт қауіпті құрылымдарға таралуына жол бермеді".ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Өрт 6 сағат 25 минутта оқшауланды, өртті сөндіруге жеке құрамнан 61 адам мен 15 бірлік техника, "Таза Өскемен" ЖШС-дан 6 адам мен 3 бірлік техника, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: