Түркістан облысында өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды

Пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2026 14:35 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының Арыс қаласында өрт сөндірушілер жеке үйге тараған өртті сөндірді. Өрт 24 шаршы метр аумақты шарпыған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының Арыс қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Ақдала елді мекеніндегі үйдің жабындысы арасынан өрт тұтанған.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өртті 24 шаршы метр аумақта сөндірді.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында жалын үйдің басқа бөлмелеріне және көршілес құрылыстарға таралмаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: