Ақмолалық өрт сөндірушілер тұрғын үйді өрттен сақтап қалды
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 5 қаңтарда Ақмола облысының Щучье қаласында жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт есептоптары келген кезде шаруашылық құрылыс толығымен отқа оранып, қалың түтін шығып жатты.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Құтқарушылар барлау кезінде құрылыстан қауіпсіз жерге екі газ баллонын дереу шығарды. Кәсіби өрт сөндірушілер жалынның үйге таралуына жол бермей, 90 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript