Алматы облысының өрт сөндірушілері үйді өрттен қорғап қалды

Талғарда жеке тұрғын үй ауласында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талғарда В.Маяковский көшесіне шақырту орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жеке тұрғын үй ауласындағы шаруашылық құрылыстардың жанып жатқанын анықтады.
Дереу әмбебап оқпандарды қосу арқылы өрт сөндірушілер жақын тұрған үйге өрттің таралу қаупін жойды.
Өрт 72 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript