"Қазақстанның 100 жаңа есіміне" арсыздау адамдар еніп кетті

15 Сәуір 2021, 13:47
Сурет: ruh.kz

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының мақсаты - тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету еді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірақ мониторинг барысында 25 наурыздан 12 сәуірге дейін өткен "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасында жалған дауыстар ұйымдастырылғаны анықталды. Тексеру кезінде кейбір қатысушыларға берілген дауыстардың әдеттен тыс ағыны қысқа уақыт ішінде, көбінесе шетелдік IP-мекен-жайлардан берілгені байқалды. Десек те ұйымдастырушылар ереже бұзған үміткерлердің аты-жөнін айтпайды.

Дауыс беруді алдаудың тағы бір тәсілі - боттарды пайдалану болды. Бұған әр түрлі жасырын электронды мекен-жайлардан, мысалы, zywmd@list.ru, w7a5u45cjfzw8fz@bk.ru атты почталардан алынған дауыстардың ағымы дәлел болды, дейді Арамза билік каналы.

Неге адамдар осындай арсыздыққа барады? Әлде "Атың шықпаса жер өрте" дегеннің кейпі ме? Сондықтан осындай ақылы қызмет көрсететін, жалған дауыс беруді ұйымдастыратын тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң, сонымен қатар ақылы дауыс беру қызметінің тәртібі жасалуы қажет. Өйткені қазіргі таңда барлық дауыс берулер елімізде "онлайн" өтуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?