Жаңалықтар тізбегі
0

"100 жаңа есім" деген "адамдар жарысы" биыл тағы өтеді

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2021 19:47 gov.kz
"Қазақстанның 100 жаңа есімі - 2021" жобасына өтінімдерді қабылдау басталды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 15 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарық көріп, биыл да жалғасын тапты.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева:

"Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. Жақсыдан үйрен деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген".

Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет. Жоба шарттарына сәйкес қатысушы сенімді ақпарат беруге міндеттенеді. Жалған ақпарат ұсыну, онлайн дауыс беру кезінде фальсификацияға жүгіну сынды немесе өзге де құқық бұзушылық актілері анықталса, ұйымдастырушылар қатысушыны жобадан шығарып жіберуге құқылы.

Барлық өтінімдер модерациядан өтеді, кейін сайтта жарияланады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бүкілхалықтық онлайн дауыс беру басталады. Сондай-ақ, өтінімдердің белгілі бір бөлігі танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт, бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Оған қоса осы жылдан бастап өткен маусымдардың жеңімпаздары қазылар алқасының құрамына енеді.

Дауыс беру кезінде ең көп ұпай жинаған және қазылар алқасының таңдауына ілінген қатысушылар ағымдағы жылдың сәуір айында жоба жеңімпаздары болып атанады.

Алдағы бірер айда біз Отанымыздың халық ризашылығына лайықты және Егемен еліміздің жаңа келбеті атанатын есімдермен таныс боламыз.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: