Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында жас ғалымдардың алғашқы отырысы өтті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 04:36 zakon.kz
Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде қашықтықтан өткізілді.

Жамбыл облысында жастар саясаты мәселелелері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ә.Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына орай "Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құнылығы" тақырыбына жас ғалымдар арасында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Облыста алғаш рет ұйымдастырылған ғылыми форумға республикалық ЖОО-лар, институттар, ғылыми орталықтар мен облыс аудандарынан 45-ке жуық ізденімпаз онлайн қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Конференция секцияларының пленарлық отырыстары университет факультеттерінде қашықтықтан өткізілді. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Берікқожа қатысушыларды құттықтап,: "Ұйымдастырылып отырған конференция ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және алаш қайраткері, қазақ үшін маңызды тұлға Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Баршаңызды осынау айтулы мерекемен құттықтап, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін" деп жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ облыс студенттері мен жас ғалымдардың ғылым мәселелерін шешуге деген қызығушылығының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 04:36

Конференция мақсаты – Тәуелсіздікке дейінгі терең тарихымызды, Алаш қайраткерлерінің дара ерлігін насихаттай отырып, Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізді саралау және дәріптеу.

Конференция бағдарламасына сәйкес еліміздегі және өңіріміздегі жас ғалымдардың қатысуымен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы жанындағы "Жас ғалымдар кеңесінің" I отырысы өтті. Отырыста жас ғалымдардың ғылым төңірегіндегі мәселелері аталып, оны шешу жолдарын ұсынды. Өңірімізде ғылымға ден қойған жастардың көптігі қуантады. Соңғы уақытта жас ізденімпаздар алыс-жақын шетелдерде өздерін көресетіп, жүлделі орындардан көрініп жүр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 04:36

Қазіргі таңда жас ғалымдардың ғылым жолына түсіп, бұл бағытта түрлі жаңалықтар ашуы аса маңызды. Студенттердің әлеуетін ашып, шығармашылығын шыңдауда осындай ғылыми-парктикалық конференцияның орны ерек. Себебі, ғылыми-практикалық конференциялар ғылым жолының жаңа бағытта түрленуіне өз ықпалын тигізеді деп ойлаймын, - дейді конференция қатысушысы халықаралық Тараз инновациялық институтының "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі Б.Бекназаров.

Түркия Республикасы, Мұғла Сытқы Кошман университетінен ZOOM платформасы арқылы "Түркі тілдері мен түркі әдебиеттері" бөлімінің 2 курс магистранты Қ.Әшірқұлов қосылды. Ә.Бөкейханның өміржолы мен еліміз үшін жасаған қайраткерлігі туралы сөз қозғап, конференцияғы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Қ. Әшірқұлов өзі оқып жатқан оқу орны мен өңіріміздегі ғылым саласы туралы да баяндап өтті.

Бұл конференция біз секілді ғылыммен айналысатын жастар үшін өз жобаларын жүзеге асыруға жол ашатын жақсы мүмкіндік. Сонымен қатар, алғаш өткізіліп жатқанына қарамастан, қатысушылардың баяндамалары таңқаларлықтай. Өңірімізде осындай жастардың ғылыми ортасы керек деп санаймын. Форум ұйымдстырушыларына үлкен алғыс, - деп өз лебізін білдірді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 4 курс студенті, жас ғалым Е.Нүсіпжанов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 04:36

Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құнылығы" – жас ғалымдар мен студенттердің өз ғылыми жетістіктерін таныстыратын бірегей алаң болды. Бұл жерде жастар тәжірибелі ғалымдар мен мамандардың сараптамалық пікірлерін тыңдап, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыра алды деп сенемін, - деген пікірімен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Мадияров бөлісті.

Білім қызметкерлері кәсіподағының Жуалы аудандық комитетінің төрайымы Г.Қадырбекқызы, баяндама жасады. "Бұл конференция жас ғалымдар үшін ғана емес, бізге үлкен жауапкершілік әрі жетістік болып табылады. Себебі біз өз зерттеулерімізді талқылап, ғалымдармен тілдесеміз, олардың пікірлерін тыңдаймыз, даму үшін көптеген жаңа және пайдалы дүниелерді үйренеміз", дей келе, ғылымды қолдап отырған жастар басқармасы басшылығына ризашылығын жеткізді.

Келіп түскен жұмыстар жобаның жаңашылдығы мен маңыздылығы, зерттелу дәрежесі, ақпаратты құрылымдаудың анықтығы, қорытындылардың болуы сынды талаптар бойынша үздік үздік баяндамалар халықаралық ғылыми "ALEM SCIENCE" журналында басылып шығарылады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 04:36

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: