Солтүстікте - қарлы боран. Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамы

pexels.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 17:55 pexels.com
"Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел тұрып, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды", - дейді қосымша ведомствадағылар.

Синоптиктер 17-19 сәуірге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, республикамыздың солтүстік жартысында ауа-райының күрт бұзылуы күтіледі.

Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда Скандинавия түбегінен ойысқан салқын антициклонның келіп жетуі салдарынан жаңбырдың арты қарға ұласады, түнде сынап бағаны минус 5-12 дейін төмендеп, көктайғақ, қарлы боран болады деп күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

"Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел тұрып, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды", - дейді қосымша ведомствадағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: