Алдағы үш күнге арналған ауа-райы

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2021 21:00 24.kz
Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

"Қазгидромет" РМК 18-20 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.

"Соның салдарынан бұлт көшіп, жаңбыр мен қар аралас жауады, қатты жел тұрып, көктайғақ болуы ықтимал, кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: