Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Сыбайластықпен күрес қызметіндегі ауыс-түйіс жайлы айтты

Берік Уәли, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 18:42 Берік Уәли
Қазақстан Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесте сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевқа жұмысы үшін алғысын білдіріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Президенті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жиынында сөз сөйледі. Ол өз Жарлығымен Алик Шпекбаевты қызметінен босатқанын айтты.

Оның басшылығымен бұл ведомства сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша көптеген жұмыстар атқарды. Бұл құрылымның қызметі айтарлықтай жаңартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Олардың арасында "Адалдық алаңы", "Антикор орталығы", "Адал білім" және тағы басқалары бар. Мен Алик Жатқамбайұлына осы қызметтегі жемісті жұмысы үшін алғыс айтамын, - деді Мемлекет басшысы.

Одан соң Президент 16 сәуірде Марат Ахметжановтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалғанын айтты.

Ол мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар кәсіби маман. Әділет министрлігі мен Бас прокуратурада басшылық қызметтерде болған. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі басшысының орынбасары да болды. Сондықтан мен оны осы қызметке тағайындауды жөн көрдім, - деді Тоқаев.

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алдына бірқатар міндеттер қойып, Ахметжановқа жаңа қызметіне жемісті және табысты жұмыс тіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: