Жаңалықтар тізбегі
0

Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіретін заң керек

ANTIKOR, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2020 22:34 ANTIKOR
Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғады.

Жемқорлықты Отанын сатумен теңестіруге болады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қостанай облысына сапары аясында Рудный қаласының жұртшылығымен және мемлекеттік қызметшілерімен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы сөз қозғап, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы саясат және қабылданып жатқан алдын алу шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Атап айтқанда, ол басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі туралы еске салды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Рудный қаласының әкімі Ғаязов Қашар кентінің әкімі Алдонғаровтың жемқорлық қылмысы үшін берілген отставка аясында атқарған қызметінен босатылды.

"Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама әр басшыға жоғары талаптар қойып отыр. Сіздер тұтас мемлекеттік органның жұмысы тазалық пен парасаттылыққа бағытталуға байланысты екенін жете түсінулеріңіз қажет. Сондықтан басшылардың жемқорлыққа жол ашатын кез келген жағдайды жою бойынша белсенді әрекет жасауы маңызды. Бұл үшін барлық құралдар бар. Ең бастысы – шынайы ниеттің болуы", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының басшысы азаматтармен сындарлы диалогты кеңейту қажеттілігіне, жергілікті атқарушы органдардың азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау жұмысын күшейту мен қоғамдық бақылауға назар аударды.

Қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арнаған сөзінде Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардың жұмысын трансформациялауда азаматтардың рөлі артып келе жатқанын атап өтті.

"Әркімнің үлесі өте құнды. Алайда, сөзден іске көшу тұрғысынан белсенділік қажет: "Сынға алсаң – тиісті шараларды ұсын, оларды іске асыру арқылы жауапкершілікті сезін", - деп баса айтты.

ХҚКО туралы айта келе, Алик Шпекбаев электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің үдемелі дамуын атап өтті:

"Қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер – өткен күннің белгісі. Шенеунікпен байланыс орнату арқылы қызмет көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлық қаупін арттырады. ХҚКО-лардың санын көбейтудің қажеті жоқ. Азаматтарды электрондық мүмкіндіктермен жұмыс істеу дағдыларына үйретуге және әкімдіктердің фронт-кеңселерін сапалы пысықтауға назар аудару қажет".

Жастар ұйымы өкілінің сұрақтарына жауап бере отырып, Алик Шпекбаев былай деді:

"Шынында да, мемлекеттік аппаратты қысқарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызметте неғұрлым тиімді қызметкерлер қалуға тиіс. Саясаттың ықшамдылыққа бағдарланғанына қарамастан, адал, білімді және талантты жастарға конкурстық негізде жұмысқа өту жолы әрқашан ашық болатынына сенімдімін".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: