Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады

Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2023 09:03 Сурет: gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурордың орынбасары мен Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды;
  • Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ғалымжан Қойгелдиев 1980 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің азаматтық және кәсіпкерлік құқық кафедрасының оқытушысы, Сыртқы істер министрлігінің шаруашылық басқармасы Консулдық қызмет департаментінің маманы,Сыртқы істер министрлігі аппаратының атташесі, үшінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, ҚР Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 16 қарашадан қазірге дейін Бас Прокурор аппаратының басшысы болып қызмет етті.

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастады. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

2005-2010 жылдары Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау департаменті бөлімнің аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент басшысының орынбасары, Бас прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің хатшысы лауазымдарында жұмыс істеді.

Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының прокуратурасын басқарды, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2022 жылдың маусымынан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Бас прокуратураның Стратегиялық дамыту департаментінің бастығы қызметін атқарды.

2023 жылғы 16 қаңтардан қазірге дейін Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болып қызмет етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: