Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қалалық әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 20:42 Түркістан қалалық әкімдігі
Айнұр Сайлаубаева - 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы.

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығына сәйкес, Түркістан музыкалық драма театрының директоры болып Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Айнұр Сайлаубайқызы – 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

Білімі:

1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында филолог мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандығы бойынша магистратура, 1996-1999 жылдары аспирантурада жоғары білім алған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 20:42

Еңбек өтілі:
- Филология ғылымдарының кандидаты (Тақырыбы: Абайдың лирикалық өлеңдерінің бейнелілігі және оның орыс тіліне аударудағы көркем табиғаты) -1999 жыл;

- 1999 жылы - Азаматтық авиация академиясы, кафедра оқытушысы;
- 2000 жылы - Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың көркем аударма және әдеби шығармашылық теориясы кафедрасының оқытушысы;
- 2000-2010 жылдары - "Хабар" телеарнасының бас редакторы, продюсері, көптеген жобалардың авторы;
- 2010 жылдан бері "А+А Idea fabric" ЖШС-нің бас продюсері әрі креативті директоры;
- "Bolashak Charity" қамқоршылар кеңесінің мүшесі;
- Фильмографиясы: "Я тебя люблю" фильмі мен "Армандастар" сериалы;
- "Құрмет" орденінің кавалері;
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алғыс хатымен марапатталған.
Сонымен қатар, 2017 жылы өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада сынды бірқатар зияткерлік меншіктің ресми авторлық құқық иесі, ашылу және жабылу салтанаттарының сценарий авторы. Мәскеу қаласында өткен "Фариза" қойылымының бас продюсері, қосымша режиссері әрі идея авторы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2021 20:42

Бүгін лездемелік мәжіліс барысында театр директорын таныстырған Рашид Абатұлы, қызметіне табыс, еңбегіне жеміс тілей отырып, театрдың қала тіршілігінде маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жиналыстан соң драма театрға барып, жұмыс орнымен таныстырды.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: